июль 17 2023

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.

17-07-2023, 13:32 Новости 56

 Маусым айында елімізде болған келеңсіз оқиғаға, жалпыұлттық аза тұту күніне бойланысты , аурухана ұжымы мерекелік жиынды түсіністікпен және құрметпен кейінге қалдырған болатын. 
Медицина қызметкерлері аудан әкімі, “AМАНАТ” партиясы, аурухана басшылығы мен кәсіп одақ ұйым атынан  алғыс хаттармен марапатталды. 
Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілейміз.

Информация о публикации:

  • Дата публикации: 17 июль 2023 13:32
  • Категория(и) публикации: Новости
  • Количество просмотров публикации: 56

Похожие новости

31 март 2023
Новости
Инсульт мектебіне

Алға аудандық ауруханасының СӨС дәрігері Сейілханова М.Г. мен Инсульт мектебінің дәрігері Мамыраимова А. инсульт

Прочитать подробнее