Ақтөбе облысы әкімімен бекітілген «Ақтөбе облысы бойынша профилактикалық екпелерден бас тартатын тұлғалардын санын азайту жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналган іс-шаралар»жоспарына сәйкес бүгін жұмыс сапарымен вакцинациядан бас тартатын ата- аналармен жұмыс жүргізетін мобильдік топ мүшелері Алға аудандық ауруханада болды. Мобильдік топ құрамында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Мирманов М.У. Облыстық штаттан тыс ,N2 Қалалық емханасының иммунолог дәрігері Нуржанова Л.М. М. Оспанов атындағы Батыс қазақстан медицина университетінің эпидемиология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Тусупкалиева Қ.Ш. Теолог Асанов Н.Ә келді. Қандайда бір себептермен екпеден бас тартып отырған ата-аналарға екпенің маңыздылығы бойынша қолжетімді түрде профилактикалық екпелерді жүргізу ережелері, медициналық қарсы көрсетілімдер, жұқпалы аурулардан ауру және өлім қаупін азайту үшін вакцинацияның артықшылықтары, дені сау өскелең ұрпақты қалыптастыру үшін вакцинациядан бас тартудың салдары және эпидемияның пайда болуы туралы түсіндіру мақсатында Алға ауданындағы екпеден бас тартқан отбасылармен кездесу ұйымдастырылып,кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.